Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы қамауға алынды

Бұған дейін оның жеке кәсіпкер өкілінен 37 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған...

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы қамауға алынды
фото: ашық дереккөз

Алматы облысы білім басқармасының бастығы Майгүл Омарова сотқа дейінгі тергеу барысында қамауға алынды, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сауалға берген жауабында айтылды. Сондай-ақ білім берудегі ақпараттық технологиялар саласындағы облыстық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Арапби Меңлібаев та қамауға алынды.

Прокуратура 2021 жылдың 1 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-тармағы ("Алдын ала келісім бойынша адамдар тобының пара алуы") және 367-баптың 4-тармағы ("Алдын ала келісім бойынша аса ірі көлемде топ адамның пара беруі") бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Алматы облысы білім беру мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары және басқаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады.

"2021 жылдың 4 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілер - Омарова М.Т. мен Менлыбаев А.А.-ға қатысты екі айға қамауға алу түрінде, күдікті Абдолданова Б.С-ға қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша жария етуге жатпайды", - делінген облыс прокурорының бірінші орынбасары Р.Әміров қол қойған жауап хатта.

Бұған дейін БАҚ-та облыстық білім басқармасының бастығы Омарованың жеке кәсіпкер өкілінен 37 650 000 теңге пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған