Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысының бас мұғалімі 37 млн теңге парамен ұсталды

Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда көрген.

Алматы облысының бас мұғалімі 37 млн теңге парамен ұсталды
фото: Алматы облысы ӨКҚ

2021 жылдың 2 ақпанында Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен облыстық Білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Арапби Меңлібаев ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бұл істе Алматы облыстық Білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Бақыт Абдолданованың есімі аталады.

Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда көрген. Жалпы сомасы 406 млн теңгеге бірнеше жеке кәсіпкермен келісім жасасқан.

Омарова, Меңлібаев және Абдолданова жеке-жеке тергеу абақтысына қамалып, олардан 37 650 000 теңге тәркіленді. Бұл қаражатты басқарма басшылары тендер ұтқан компаниялардан пара ретінде алған.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.