Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Былтыр 43 мыңнан астам қазақстандық Ресей азаматтығын алған

Басқа елдің азаматтығын алғысы келетіндер Қазақстан азаматтығынан бас тартуы қажет.

Былтыр 43 мыңнан астам қазақстандық Ресей азаматтығын алған
фото: ашық дереккөз

COVID-19 пандемиясы кезінде Ресей жарты миллионнан астам адамға азаматтық берді, деп хабарлады paryz.kz, kznews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресей Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы 656,3 мың адам азаматтық алған. Ал 2019 жылы 497 817 адам Ресей азаматтығына қол жеткізген екен. Былтыр 43,4 мың қазақстандық Ресей азаматы атанса, азаматтығын өзгерткендер арасында тәжікстандықтар көп – 63,4 мың адам.

Өзбекстандықтардың да бұл елге деген "махаббаты" жыл өткен сайын "жалындап" бара жатыр екен. Былтыр 23 300 өзбекстандық Ресей азаматы атаныпты. Сондай-ақ 2020 жылы 12 мың қырғызстандық та Ресей төлқұжатын алған.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік азаматтығынан айырылды

Қазақстан заңдары қос азаматтыққа тыйым салады. Сондықтан басқа елдің азаматтығын алғысы келетіндер Қазақстан азаматтығынан бас тартуы қажет.