Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері мал ұрлап келген

Прокурордың дерегінше, әскерилер бұл қылмысқа былтыр шілдеден бері қатысып келген. Ұрлыққа қатысқандардың өзге төртеуі - жергілікті тұрғын.

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері мал ұрлап келген
фото: ашық дереккөз

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара жасағы мен әскери қызметкерге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.  

Топтасып мал ұрлады деген айыппен сотқа тартылғандардың бірі - Сарыағаштағы 2020 әскери бөлімінің "Дархан" шекара заставасында қызмет етсе, екіншісі - Сарыағаш шекара қызметінің бақылаушысы.

Мемлекеттік айыптаушы Сапарғали Теменұлы қос әскеридің Келес ауданындағы мал ұрлығына былтыр шілдеден бастап кіріскендерін дәйек қылды. Прокурордың дерегінше, әскерилер бұл қылмысқа былтыр шілдеден бері қатысып келген. Ұрлыққа қатысқандардың өзге төртеуі - жергілікті тұрғын.

Тағы оқи отырыңыз: "Тәртіп орнатыңыз": Нығматулин көлік ұрлығына полицияны кінәлады

Павлодар облысында ҰҚК, полиция, әкімдік қызметкерлері көлік ұрлап сатқан

Ұйымдасқандар жайылымнан бөлек, қорадағы малға да ауыз салған. Жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келгені дәлелденген. Егер сот олардың кінәсін дәлелдесе, ұйымдасқан топ мүшелері 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.