Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Жанболат Мамай деген – боқмұрын!": Ермахан Ибраимов ереуілшілерге әлі ашулы

"Жаңа ғана осы жерге олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибраимов келіп, бізге қарсы арандату жасады. Ол биліктің тапсырмасымен осыны жасап отыр..." - деген болатын Жанболат Мамай. 

"Жанболат Мамай деген – боқмұрын!": Ермахан Ибраимов ереуілшілерге әлі ашулы
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтіп жатқан 10 қаңтар күні Алматыдағы орталық алаң маңында Жанболат Мамай бастаған топ митингіге шыққан болатын. Алаңнан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та бой көрсеткен еді. Боксшының бір топ адамның ортасында қарсы тараптың плакаттарын жыртып, олардың пікіріне қарсы екендігін айтқан видеосы жарияланған, деп жазды paryz.kz, Oinet.kz-ке сілтеме жасап. 

Ермахан Ибраимовтың бұл әрекетіне қоғам белсендісі Жанболат Мамай өз пікірін білдірген еді.

"Жаңа ғана осы жерге олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибраимов келіп, бізге қарсы арандату жасады. Ол биліктің тапсырмасымен осыны жасап отыр. Биліктің тапсырмасымен бізге шабуыл ұйымдастырып отыр. "Нұр Отанның", биліктің мүддесін қорғап, осылай жасап жатыр. Көрдіңіздер ғой", - деді Жанболат Мамай.  

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда арнайы жасақ Жанболат Мамайдың жақтастарын қоршауға алды

Ермахан Ибраимов митингке шыққандарға қарсы ұмтылғанын жуып-шаюда

Ал қоғам белсендісінің бұл сөзінен кейін боксшы да үнсіз қалмады.

"Жанболат Мамай мен оның жақтастары"президент, кет! Нұр Отан, кет!" деген сөздермен плакат ұстап тұрды. Яғни, бұл адамдар біздің отыз жыл бойы құрған қоғамымызға және оның бірлігіне қол сұғуды ойлаған. Жанболат Мамай деген кім?! Ол отыз жастағы, әлі өмірде ештеңеге қол жеткізе алмаған боқмұрын. Ал мен өз елім үшін күресіп, мемлекеттің даңқын асырып, түрлі жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, Олимпиада чемпионы атандым. Сондықтан мен кейбір адамдар осындай қорлайтын ұрандармен сөйлей бастағанда, жай қарап тұра алмаймын", - деді Ермахан Ибраимов.