Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Қуа бастап едім, қашып кеттің...": Қуат Хамит Сәбина Алтынбекованы құттықтады

Кейбіреулер "ол өз мүмкіндігін жіберіп алды" деп жазса, ал басқалары "Қуат Хамитов мұндай соққыны күткен жоқ" десті.

"Қуа бастап едім, қашып кеттің...": Қуат Хамит Сәбина Алтынбекованы құттықтады
фото: ашық дереккөз

Спортшы Қуат Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованың тұрмысқа шыққандығы туралы жаңалықтарға түсініктеме берді. Еске сала кетсек, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Сәбина Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көргісі келетінін көпшілік алдында мәлімдеген еді, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әй, Сәбина, Сәбина, мен сені қуа бастап едім, сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүректен саған бақыт тілеймін! Сен керемет адамсың. Ал біздің барлық қыздарымыз сендей сүйкімді де әдемі болсын. Сен үлгілі әйел және жақсы ана боласың!", - деді "Найман".

Сәбинаның желідегі оқырмандары Қуат Хамитовке қатысты көптеген пікірлер қалдырды. Кейбіреулер "ол өз мүмкіндігін жіберіп алды" деп жазса, ал басқалары "Қуат Хамитов мұндай соққыны күткен жоқ" десті.

Тағы оқи отырыңыз: "Қуатың қуып кетпесін..." Алтынбекова сақалды жігітпен некелескен бе?

Алтынбекова тұрмысқа шыққан сақалды жігіттің аты-жөні белгілі болды

Сәбинаның күйеуі туралы ақпарат аз, тек оның қазақстандық "Круиз" комедиясының продюсері болғаны белгілі.