Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодарда полицейлерді боқтаған экс-депутат болып шықты

Бірақ "тергеу құпиялығына байланысты" деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтпады. 

Павлодарда полицейлерді боқтаған экс-депутат болып шықты
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда полицейлерге боғауыз сөз жаудырған видеодағы 53 жастағы ер адам Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты болып шықты деп хабарлады paryz.kz.

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ "тергеу құпиялығына байланысты" деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтпады. 

"Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша Уақытша ұстау абақтысына қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деді Павлодар облыстық ПД-нің ресми өкілі Жанна Біләлова.