Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Тыңда, бауырым, сен не...": Жүргізуші полицейді боқтап ала жөнелді (ВИДЕО)

Жүргізушінің де, әйелінің де Павлодар қаласына кіруге рұқсаты болған.

"Тыңда, бауырым, сен не...": Жүргізуші полицейді боқтап ала жөнелді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Шарбақты блок-бекетінде 25 қарашада өзін тоқтатқан полицейді балағаттаған, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицей жүргізушіні тоқтатып, құжаттарын сұраған. Алайда полиция қызметкеріне ашуланған азамат оған балағат сөздер жаудыра бастайды.

"Тыңда, бауырым, сен не... Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Камера сені түсіріп жатыр", - деп ашуланды жүргізуші. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, 25 қарашада блок-бекетте полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 53 жастағы азамат ұсталды. Сағат 14.30 шамасында "Митсубиси L200" автокөлігінің жүргізушісі Шарбақты блок-бекетінде тиісті құжаттарын тексеру үшін тоқтатылған. Жүргізушінің де, әйелінің де Павлодар қаласына кіруге рұқсаты болған. Тексеруден кейін полицей жүргізушіге қауіпсіздік белдігін бекіту туралы ескерту жасаған. 

"Жүргізуші ескертуге агрессивті жауап беріп, полиция қызметкеріне тіл тигізген. Аталған факт бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды. Сотқа дейін ер адам уақытша оқшаулағышта болды. Сот қаулысымен жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.