Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Тараз қаласының тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, көмек сұраған болатын. Бейнежазбада Гаухар Қапарбекова 18 жастағы ұлын қала әкімдігінің қызметкері көлігімен соғып өлтіргенін айтқан еді. Бүгінде Тараз қалалық Полиция басқармасы оқиғаға орай түсінік берді деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқи отырыңыз: Әкімдік қызметкері ұлын көлікпен қағып өлтірген: Зар жылаған тараздық ана Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345 және 347-баптары ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қалалық ІІБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр, – деді полиция.