Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әкімдік қызметкері ұлын көлікпен қағып өлтірген: Зар жылаған тараздық ана Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

18 жасар ұлын әкімдік қызметкері Жанайдар Жолдасов «Дэу» көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен.

Әкімдік қызметкері ұлын көлікпен қағып өлтірген: Зар жылаған тараздық ана Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Facebook әлеуметтік желісінде Гауһар Қапарбекова есімді Тараз қаласының тұрғыны қазақстандықтарға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жоддап, көмек сұрады деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның айтуынша, 23 қарашада қалада сағат таңғы 06:00-де 18 жасар ұлын әкімдік қызметкері Жанайдар Жолдасов «Дэу» көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен.

Сіздерден өтінішім, әкімдік қызметкері Жанайдар Жолдасовқа тиісті әділ жаза қолдануларыңызды және істі жауып тастамасы үшін сіздерден алдын ала көмек сұраймын, - деп айтты ол.