Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Антиваксер Айна Бакеева 6 қарашада бостандыққа шығады

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

Антиваксер Айна Бакеева 6 қарашада бостандыққа шығады
фото: ашық дереккөз

10 тәулікке қамауға алынған антиваксер Айна Бакеева 6 қарашада бостандыққа шығады деп хабарлайды Paryz.kz Шымкент қалалық ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша Айна Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған.

Оқи отырыңыз: Вакинаға қарсы Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта Айна Бакеева Шымкенттегі Полиция департаментінің арнайы уақытша ұстау абақтысында. Онда кез келген жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға және т.б. тартылмайды. Әкімшілік қамауға алу мерзімі 2021 жылдың 6 қарашасында сағат 16.04-те аяқталады, - делінген хабарламада.

Тағы да оқи отырыңыз: Шымкентте Айна Бакееваны босатуды талап еткендер түрме алдына жиналды