Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Ақылға сыймайды!": Министр көкшетаулық мұғалімнің дөрекі әрекетіне баға берді

Осы орайда Аймағамбетов барлық мұғалім гуманистік ұстаныммен жұмыс істеу керектігін ескертті. 

"Ақылға сыймайды!": Министр көкшетаулық мұғалімнің дөрекі әрекетіне баға берді
фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған мұғалімнің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Ал педагог бұл әрекетімен балаларды үйде дәптер ұмытпауға үйретпек болған деп хабарлайды Paryz.kz

Ондай әрекеттер педагог пен мұғалім деген түсінікке сай келмейді. Ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Бүгінде тиісті шаралар қабылданды. Әрине, ондай жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі ондай емес. Біздің арамызда ауылда болсын, қалада болсын, біртуар педагогтер көп, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған

Осы орайда Аймағамбетов барлық мұғалім гуманистік ұстаныммен жұмыс істеу керектігін ескертті.