Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған

Ерсі әрекетке барған мұғалімнің 27 жылдық кәсіби тәжірибесі бар көрінеді.

Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған
фото: IStock

Көкшетаудағы мектептердің бірінің мұғалімі бірінші сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазған. Оқытушы осындай әрекетімен оларды дәптерді үйде ұмытып кетпеуге үйреткісі келген деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Шулы оқиға 18 қазан күні Көкшетау қаласындағы №13 "Экос" мектеп-гимназиясында болған. 

Мектеп әкімшілігінің ақпараты бойынша, мұғалім осы жылдың 1 қыркүйегінде үш ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған.

Сабақ өту барысында 12 оқушының дәптерлерін үйде ұмытып кеткендігі белгілі болады. Педагог ұмытып кетпеудің ең қолайлы әдісін тауып, шәкірттердің маңдайына "дәптер" деп жазып қойған.

Сонымен қатар атаулы білім ордасының директоры Светлана Ахметжанованың айтуынша, ерсі әрекетке барған мұғалімнің 27 жылдық кәсіби тәжірибесі бар көрінеді. Оқиға жайлы білген оқу ордасының әкімшілігі ұстазға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кейін жұмыстан шығарып жіберген.

19 қазан күні еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес біржақты тәртіппен бұзылды (тәрбиелік функцияларды орындайтын қызметкердің бұл жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін әдепсіз әрекеті), - деп түсінік берді №13 "Экос" мектеп-гимназиясының әкімшілігі.

Сонымен бірге Ақмола облысының Білім басқармасы аталған оқу орнында қызметтік тексеру жүргізілгенін қосып өтті. Бөлім басшысы Көкшетау қаласының білім бөлімі басшылығының, мектеп директоры мен оның орынбасарының шақыруымен жедел кеңес өткізген.

Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс жасаса, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді, - деп түйіндеді ведомство.

Сондай-ақ кейбір ата-аналардың мұғалімді жақтап, оны жұмыстан шығармауды сұрағаны белгілі болды. Олардың пікірінше, ата-аналар да бала тәрбиесіне назар аударып, мектепке дайындықты бақылауы керек