Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Glovo курьерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыда ереуілге шықты

Glovo өкілдерінің айтуынша, тамақ жеткізушілер олардың қызметкерлері болып саналмайды.

Glovo курьерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыда ереуілге шықты
фото: видеодан скриншот

Glovo жеткізу қызметінің курьерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыда ереуілге шықты. 70-ке жуық адам жұмысқа шықпай қалды. Жеткізушілер жолды есептеу жүйесін өзгертуді талап етеді. Компания 2ГИС қызметіне ауысқаннан кейін курьерлердің жалақысы қысқарған деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жақында тамақ жеткізушілер бүкіл әлем бойынша компаниялар жұмыс істейтін Google Maps бағдарламасына наразы болған еді. Glovo компаниясының жиырмаға жуық курьері компанияның астанадағы кеңсесінің жанында жиналды. Осылайша, олар 2ГИС жүйесіне көшуге наразылық білдіреді. Олардың айтуынша, Glovo қосымшасы қашықтықты дұрыс санамайды. Осыған байланысты олардың табысы азайған.

Оқи отырыңыз: Алматыда Glovo курьерлері наразылық акциясына шықты (ВИДЕО)

Жолдың біткен жерлері, ауланы есептейді. Ал қазір қалада барлық аулаларда шлагбаум тұр. Көлікпен ұшып өте алмаймыз. Жақында ол саябақ арқылы өтетін жолды санады, – дейді Ибрагим  Әлиев.

Курьерлердің айтуынша, олардың табысы 40 пайызға төмендеді. Компания оларға жеңілдік бергенге дейін ереуілге шығуға ниетті. Шілде айында курьерлер талаптарын компанияға айтып, наразылыққа шыққан, бұл өз кезегінде нәтижелі болды.

Ал компания басшылығы 2ГИС жүйесіне көшу курьерлердің өтініші бойынша жүзеге асырылған еді дейді. Бұл шілде айында айтылған талаптардың 22-тармақ талабының бірі болды.

Glovo өкілдерінің айтуынша, тамақ жеткізушілер олардың қызметкерлері болып саналмайды. Олармен серіктестік шарттар жасалған. Бұл ретте жеткізушілер жұмыс кестесін өздері реттейді. Орташа есеппен сегіз сағаттық жұмыс күні үшін олар 290 мың теңгеге дейін табыс табады. Қазіргі уақытта 2ГИС карталарын пайдалану Нұр-Сұлтанда тестіленіп жатыр, кейін олар бүкіл елде пайда болады.