Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.
Glovo компаниясының курьерлері наразылық акциясына шықты деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жас жігіттер компания бонустар мен үстемеақыларды, платформаға қосылу шарттары мен бағыт-бағдарларды оңтайландыру мәселелерін талқылау үшін кеңсе алдына жиналды.
Курьерлік қызметке сәйкес, қызметкерлер жүйемен келіспеген жағдайда басқа компаниямен ынтымақтастықты таңдауға құқылы.
Glovo бұған қатысты мынандай түсініктеме берді: курьерлердің тапсырыстарды күту уақытын қысқарту және маршрутты оңтайландыру туралы сұраным мен ұсыныстары серіктес мейрамханаларға, техникалық қызметтерге жолданды.
Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.