Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елордада қызметкерлерін ұрған полиция бөлімінің басшысы жұмысынан қуылды

Жол-көлік полиция басқармасының баспасөз қызметі видеоролик жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

Елордада қызметкерлерін ұрған полиция бөлімінің басшысы жұмысынан қуылды
фото: видеодан скриншот

Елорда жол-көлік полиция басқармасының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан әуежайында түсірілген видеоға қатысты түсінік берді. Бейнежазбада ер адамның қоластындағы қызметкерлерді ұрып жатқаны түсірілген деп хабарлайды Paryz.kz.

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып кеткен болатын. Жазба кадрында ер адам полицейлердің біріне соққы жұмсайды. Бейнежазба "Желілік полиция бөлімінің бастығы қол астындағы қызметкерлерді ұрады" деген сөзбен таралған.

Жол-көлік полиция басқармасының баспасөз қызметі видеоролик жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция бөлімінің басшысы қызметкерлеріне қол көтерген (ВИДЕО)

Жол-көлік полиция басқармасының бұйрығымен полиция бөлімінің бастығы, сонымен қатар оның кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге көлік басқармасы қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қарастырылғаны айтылады.

Жол-көлік полиция басқармасының басшылығы бұл әрекетті өрескел тәртіп бұзушылық деп санайды және қызметтік әрі әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарын тазартудағы принципті ұстанымды ұстанады, - деп мәлімдейді ведомство.