Нұр-Сұлтанда полиция бөлімінің басшысы қызметкерлеріне қол көтерген (ВИДЕО)

Анонимді дереккөз Мақсат Әбікен қызметкерлеріне үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, "жұмыстан шығарамын" деп қорқытатынын жазған.

Нұр-Сұлтанда полиция бөлімінің басшысы қызметкерлеріне қол көтерген (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желіде қызыл күртеше киген ер адамның полиция қызметкерлерін қорқытып, ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полиция қызметкерлері оның алдында сапқа тұрған деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бейнебақылау камераларының жазбасы Instagram желісіндегі efir_kefir паблигінде жария болған. Видеоның астындағы жазбада формадағы қызметкерге қоқан-лоққы көрсетіп, қол көтерген ер адам елордалық әуежайдың желілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Әбікен екені жазылған. Анонимді дереккөз Мақсат Әбікен қызметкерлеріне үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, "жұмыстан шығарамын" деп қорқытатынын жазған. NUR.KZ тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мән-жайдың анық-қанығын сұрап білді.

Ведомство аталған жайтқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тексерістің нәтижелері туралы баспасөз қызметі қосымша хабарлауға уәде берді.