Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ҰҚК медициналық құжаттарды қолдан әзірлеген цехты әшкереледі

Олар, осылайша, карантин кезінде Қазақстан азаматтарына Ресей шекарасын кедергісіз кесіп өту үшін жағдай жасаған.

ҰҚК медициналық құжаттарды қолдан әзірлеген цехты әшкереледі
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавлда медициналық құжаттарды қолдан әзірлеген жасырын цехтың жұмысын әшкерелегенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Комитеттің мәліметінше, цех иелері ПТР анықтама, медициналық орталыққа шақыру сияқты құжаттарды қолдан жасап, індет кезінде азаматтардың шекараны заңсыз өтуіне көмектескен.

Оқи отырыңыз: 

ҰҚК-інің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, тұрғын үйлердің біріне шоғырланған цех иелері ПТР анықтама, шетелдің медициналық ұйымдарынан емделуге шақырту, дәрігерлер қорытындысы сияқты құжаттарды қолдан әзірлеп, сатқан. Олар осылайша карантин кезінде Қазақстан азаматтарына Ресей шекарасын кедергісіз кесіп өту үшін жағдай жасаған.

Тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары тәркіленді, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 394-бап 2-бөлігі ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазақсанда кейінгі кезде коронавирусқа байланысты жалған құжат жасау оның ішінде ПТР тест пен вакцина паспортын қолдау жасау фактілері тіркелгені жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Осы аптада Маңғыстау облысының полициясы коронавирусқа қарсы вакцинаның 150 паспортын сатқан 8 адам ұсталды деп хабарлаған