Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Маңғыстауда дәрігерлер 150-ден астам вакцина паспортын сатқан

Базада тіркелген әрбір құжат үшін медицина қызметкерлері 30-50 мың теңге алып отырған.

Маңғыстауда дәрігерлер 150-ден астам вакцина паспортын сатқан
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іс жүзінде екпе алмай, вакцинация паспорттарын заңсыз алу фактісін анықтады. Барлығы 150-ден астам құжат берілген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Белгілі болғандай, сегіз адам ұсталған. 

Жалған вакцинация паспорттарын екпені салмай сатқаны үшін сегіз адам анықталды, олардың арасында дәрігерлер мен делдалдар да бар, – деді Полиция департаменті.

Базада тіркелген әрбір құжат үшін медицина қызметкерлері 30-50 мың теңге алып отырған. Ұсталғандар 150-ден астам вакцинация паспортын заңсыз бергендерін мойындады.

Қазіргі уақытта полицияда Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі ("Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, айыпталушылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.