Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Темірден түйін түйеді, құрдасым": Тамара Асар күйеуі туралы жазба жариялады (ФОТО)

Ол өзінің отбасылы болғанын не себепті бірден жарияламағанын да түсіндіре кеткен екен.

"Темірден түйін түйеді, құрдасым": Тамара Асар күйеуі туралы жазба жариялады (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Жақында тұрмыс құрған Тамара Асар жеке парақшасында жазба жариялап, өзін құттықтап жатқан оқырмандары мен тыңдармандарына алғыс білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол өзінің отбасылы болғанын не себепті бірден жарияламағанын да түсіндіре кеткен екен.

Адамның бақыты өз жүрегінде, ой-сезімінде. Отбасы, ошақ қасында. Ауылдағы анамыз біз үйленген кезде, "бақыттарыңды өз бойларыңа әбден сіңдіріп алып, кештеу жариялаңдар", - деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз..." - дейді әнші.

Тағы оқи отырыңыз: Тамара Асар тұрмысқа шықты (ФОТО)

Тамара Асар, сондай-ақ, үйінің отағасы туралы да айтты.

Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, мені көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым, - деген ол, игі тілек білдірген барша жұртқа алғыс айтты.