Мұнымен қоймай, парақшасына Тамара Асардың жарымен отырған суретін де салып қойды.
Белгілі әнші Тамара Асар тұрмысқа шықты. Сүйінші жаңалықпен әншінің өнердегі құрбысы, әнші Айгүл Елшібаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды Paryz.kz.
Айгүл Елшібаева Тамара Асардың тұрмысқа шығуына байланысты үйіне барып, шашу шашқанын өз оқырмандарына баяндап берген. Мұнымен қоймай, парақшасына Тамара Асардың жарымен отырған суретін де салып қойды.
Ақ Томидің маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, ақ Қамбардың артынан Қамбарлар ере берсін! Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар! Ешқашан да байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, құдай көтере білгенге береді", - деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын, Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!, - деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары Тамара Асардың қуанышына ақ тілектерін білдіріп жатыр.