Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Еден жуушылардікі - 56 мың...": Зайытов өзінің қанша айлық алатынын білмейді

"Ол жерде әншің бар, әртісің бар, басқасы бар, ешқайсысының айлығы 100 мың теңгеден аспайды", - дейді ол.

"Еден жуушылардікі - 56 мың...": Зайытов өзінің қанша айлық алатынын білмейді
фото: ашық дереккөз

Жуырда ғана Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрына директор болып тағайындалған Ринат Зайытов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында аталған өнер ордасындағы қаржы мәселесін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Еңбек келісімшартына қол қойып, оның барлығы заңды күшіне енуі үшін менің Әділет министрлігінен келетін құжаттарым бар. Оған өткізіп қоямын, сосын бір апта күтемін, бұйрық шыққаннан кейін. Соны күтіп отырмын қазір. Сондықтан мен ешкімге қазір "Ойбай құжат әкеліңдер, мен қырамын-жоямын" деп отырған жоқпын", - деді Ринат Зайытов.

Тағы оқи отырыңыз: Зайытов бастықтың партия құратын мүмкіндігі болмай жатыр екен

Сонымен, ол әзірге өз айлығының нақты қанша екенін білмейтін болып шықты. Алайда еден жуушыларынікін өздерінен сұрап көрген. Сол туралы сұрақ-жауап барысы мынадай:

"- Айлығыңызды білмейсіз?

- Айлығым шамамен енді 200 мың теңге. Өтірік айтпаймын.

- Бюджеті қанша?

- Бір 17-18 млн теңге болуы мүмкін. Енді қараңыз, бірінші еден жуушылармен барып сөйлестім. Солардың айлығын білемін нақты. Ең көбі - 56 мың теңге. Ойлаңызшы, 56 мың теңге! 56 мың теңгеге адам жұмыс істей ме? 56 мың теңгеге адам 11,5 мың шаршы метрді жуа ма?

- Қазақстанда жұмыс істейді.

- Көрдің бе, менің жұмыс істеп отырған орталығымда осындай айлық. Ол жерде ең жоғары айлық менікі болса, әрі кетсе 200 мың шығар. Ол жерде әншің бар, әртісің бар, басқасы бар, ешқайсысының айлығы 100 мың теңгеден аспайды".