Зайытов бастықтың партия құратын мүмкіндігі болмай жатыр екен

"Базардың әйелдері сияқты отырып алып айғайлай бермей, еңбек ету керек. Сол екі аралықта қызметте отырмын", - дейді ол.

Зайытов бастықтың партия құратын мүмкіндігі болмай жатыр екен
фото: total.kz

Айтыскер ақын Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалған соң алғашқы сұхбатын журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына берді, деп хабарлады paryz.

Cұхбат барысында әріптесіміз "Алатау" дәстүрлі өнер театры" КМҚК директорынан "Ринат Зайытов шенеунік кейпіне өзгеріп келді ме?" деп сұрап көрді.

"Ринат қайта түзелетіндей не өзгеріске ұщырады?! Ең бірінші мақсат - ұжымды басқару, ұжыммен тіл табысу, жауапкершілікті мойныңа алу. Мен айтқан сөзім үшін де, істеген ісім үшін де жауапкершілік алудан қашқан жоқпын. Қызметте дәл сондай ресми жауапкершілік жүктелді", - деді Ринат Зайытов.

Сондай-ақ ол партия құру туралы ойынан әлі де қайтпағанын алға тартты.

"Партия құратын мүмкіншілігім болса дайынмын дедім. Қазір мүмкіншілігім жоқ. Екі аралықта бос жүрмеу керек. Базардың әйелдері сияқты отырып алып айғайлай бермей, еңбек ету керек. Сол екі аралықта қызметте отырмын. Біздің қоғам демократиялық қоғам болуы керек. Мен оны әлі де айта беремін. Партия халықтың сөзін сөйлеп, саяси реформаларға өзгеріс енгізуі керек"... сөйту керек, бүйту керекке толтырды жауабын.