Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Білім және ғылым министрлігі 8 колледжді жауып тастады

Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

Білім және ғылым министрлігі 8 колледжді жауып тастады
фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлады paryz.kz.

Министрлік білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, ол оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдапты.

Тағы оқи отырыңыз: Әділет министрлігі диплом сатқыш ЖОО-ларды жабуға атсалыспақ

"Өте аянышты жағдай": Алматыдағы 90 жылдық тарихы бар академия жабылатын болды

Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

Қазақстан бойынша қоғамда салмағы жоқ 10 университет аталды

Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді.