Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан. Бір жылдан кейін ерлі-зайыпты қызды болған...
Бүгін елбасының жары Сара Назарбаева 80 жасқа толды, деп хабарлады paryz.kz.
Ол 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан. Бір жылдан кейін ерлі-зайыпты қызды болған. Артынша Динара және Әлия Назарбаевалар өмірге келген.
Сара Назарбаева қайырымдылық саласындағы ерен еңбегі үшін халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттына ие болған. Олардың ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Ихсан Дограмачи, Unity халықаралық сыйлығы, "Курманджан Датка" премиясы бар.
Тағы оқи отырыңыз: Сара Назарбаева ертең бір институт ашатын болды
Сара Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы "Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін" алтын медальмен де марапатталған. Сонымен қатар, Софи Лореннің қолынан Ресейдің Қызыл кресті тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін "Алтын жүрек" халықаралық сыйлығын алды.