Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мектеп оқушысын зорлаған блогер 15 жылға сотталды

Сот барысында 40 жастағы ер адамның 2020 жылдың маусымында Екібастұздағы жеке саяжайлардың бірінде 14 жастағы оқушы қызға зорлық көрсеткені айтылды.

Мектеп оқушысын зорлаған блогер 15 жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Екібастұздағы саяжайлардың бірінде мас халде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған блогерге сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz, Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Тергеп-тексеруге екі ай уақыт кеткен. Сот барысында 40 жастағы ер адамның 2020 жылдың маусымында Екібастұздағы жеке саяжайлардың бірінде 14 жастағы оқушы қызға зорлық көрсеткені айтылды.

Кәмелет жасына толмаған баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс ашылған. Нәтижесінде сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деген шешімге келген. Судья қыздың, оның анасының, куәгерлердің түсініктемелері мен сараптама қорытындысына сүйенген. Прокурор айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған.

Судья прокурордың ұсынысын ескеріп, айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Енді блогер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда төрт жасөспірімді зорлаған педофил өмір бойына сотталды

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айта кету керек, ер адамның өзі айыбын мойындамай, ақтауды сұраған.