Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ермұрат Бапи төбелес шығарған саяси ток-шоу жабылатын болды

Көптеген қоңыраулар мен жан-жақтан көрсетілген қысымға қарамастан, ток-шоу өз жұмысын жалғастыра берген...

Ермұрат Бапи төбелес шығарған саяси ток-шоу жабылатын болды
фото: видеодан скриншот

"31 арнаның" бағдарламалық директоры Болат Мұрсәлім Facebook-тегі парақшасына қоғамдық-саяси "Неге?" ток-шоуының жабылғалы жатқанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Саяси бағдарламалардың жоғары рейтинг жинауы өте сирек. Десек те, ондай бағдарламалар қандай да бір деңгейде өз-өзін ақтауы керек болатын. Бірақ, өкінішке орай, олай болмады. Сондықтан «31 арна» «Неге?» бағдарламасын жабу туралы шешім қабылдады", - дейді Болат Мұрсәлім.

Оның айтуынша, бағдарлама басынан бастап плюралистикалық ұстанымда болған.

"Бағдарламаға билік өкілдері де, оппозиция да, оның ешқайсысына да жатпайтындар қатысты. Көзқарастарға, қызметі мен жастарына қатысты шектеу болған жоқ", - деп атап өтті телеарнаның бағдарламалық директоры.

Оның айтуынша, көптеген қоңыраулар мен жан-жақтан көрсетілген қысымға қарамастан, ток-шоу өз жұмысын жалғастыра берген. Тіпті, онда оппозиция өкілдері Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбайдың боқтасып, жұдырықтасып алғанының өзі-ақ біраз резонанс тудырған еді.

Тағы оқи отырыңыз: "Кө...іңді қыс!": Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Ермұрат Бапи – "Жыл жекпе-жегі" номинациясының жеңімпазы (ВИДЕО)

 Бұл ретте, шешім қабылданғанмен, бағдарлама әлі жабылмаған. Болат Мүрсәлім телеарнаның сол бағдарламаны жалғастыру үшін қосымша нұсқалар іздестіріп жатқанын жеткізді.