Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ермұрат Бапи – "Жыл жекпе-жегі" номинациясының жеңімпазы (ВИДЕО)

"Егер жыл сайын осындай сыйлық беріп тұратын болсаңыздар, мен ұлт мұраты, xалықтың есіл кеткен есесі үшін жыл сайын төбелесіп тұруға әзірмін", - деді ол.

 

Ермұрат Бапи – "Жыл жекпе-жегі" номинациясының жеңімпазы (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Youtube желісіндегі "Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық "Қызық премия 2020" бағдарламасы өтіп, былтырғы жылды қорытындылады. Сонда "Жыл жекпе-жегі" номинациясына журналист Ермұрат Бапи лайық деп танылған, деп xабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, 31 арнаның "Неге?" қоғамдық-саяси ток-шоуына келген қонақтар эфирде бір-біріне бейәдеп сөздер айтып, төбелесе кеткен еді. Сол сәтте Ермұрат Бапи ЖСДП төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбайға су шашып, одан кейін стақан лақтырып, тіпті, жұдырық жұмсап, теуіп те жіберген-ді.

Бұл видео әлеуметтік желіге тез тарап, резонанс тудырды. Осы жекпе-жекті "Қызық LIVE" ұжымы үздік деп есептеген. Номинацияны табыстау рәсімі видеоның 53:42 минутында басталады. Дегенмен журналист концерттік бағдарламаға қатыса алмай, видеоүндеу жолдады.

Тағы оқи отырыңыз: "Кө...іңді қыс!": Ермұрат Бапи мен Тазабек Сәмбетбай төбелесіп қалды (ВИДЕО)

"Жыл жекпе-жегі" деген номинацияны маған беру туралы шешім шыққан екен. Әрине, бұл мен үшін жаңалық болды. Раxмет айтамын. Негізі жекпе-жек деген дүние саясатта жиі болып тұратын жағдай ғой. Әлеуметтік желіде тараған видеода менің оппонентіме өшпенділік жағдай болған жоқ. Бірақ саясат деген пәле күрессіз болмайды. Оның үстіне қоғамдағы ұлттық, елдік мүддені сатып кеткен сатқындардың езуін тіліп, бұтын айырып жіберу керек. Егер жыл сайын осындай сыйлық беріп тұратын болсаңыздар, мен ұлт мұраты, xалықтың есіл кеткен есесі үшін жыл сайын төбелесіп тұруға әзірмін", - деді Ермұрат Бапи.