Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қоқысты шығару жөніндегі жұмысқа қанағаттанбаған тұрғындар компаниямен шартты бұзуға құқылы

Шымкентте қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатысты шағымдар көптеп түсуде, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қоқысты шығару жөніндегі жұмысқа қанағаттанбаған тұрғындар компаниямен шартты бұзуға құқылы
Фото: ашық дереккөз

Әкімдіктің мәліметінше, көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. 
Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады. 

Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады. Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ. 

"Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы. Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ",- делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қала тазалығына әрбір тұрғын мүдделі болуы тиіс екенін жазған болатынбыз.