Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде бесікті бес литріне айырбасқа қойған күнбағыс майы қымбаттап кетті

Еnergyprom сараптамасына сәйкес, елде былтырға қарағанда күнбағыс майының бағасы 44,5 пайызға өскен. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау мен Ақтауда баға тіптен шарықтап кеткен...

Елімізде бесікті бес литріне айырбасқа қойған күнбағыс майы қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттап кетті. Әсіресе, Батыс өңірлерде бір литрі 700 теңгеден асса, Қарағандыда бірден 3 есеге өскен, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

Ал мамандар күнделікті тұрмыста қолданылатын май бағасының шарықтауына шикізат құнының көтерілуі себеп болғанын айтады. Дүкен аралаған қарағандылық тұрғындар май бағасының бірден шарықтағанын байқаған. Ал дүкен сөрелерінде қазір қаладағы ең арзан майдың бағасы - 677 теңгеге, ең қымбаты - 800 теңге сатылып жатыр.

"Мен бес литрлік май аламын. Бес литрлікті бұрын шамамен 3 мыңға жобалап алатынмын. Енді қазір қарап тұрмын, 3990. Демек, қымбаттаған. Оған қоса, мынау 10% скидка деп тұр. Яғни, одан да қымбат болғаны", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Гафура Сатжанова.

Семейде де күнбағыс майының түрлеріне қарай бағалары әртүрлі. Дүкен сөрелерінде сұйық майдың литрі - 650 теңгеден 750 теңге аралығында. Күнделікті тұрмыста қолданатын бұл азық түрінің ай сайын бағасы көтерілуі, әсіресе, зейнеткерлер мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар үшін ауыр дейді халық.

Еnergyprom сараптамасына сәйкес, елде былтырға қарағанда күнбағыс майының бағасы 44,5 пайызға өскен. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау мен Ақтауда баға тіптен шарықтап кеткен. 1 литрі 700 теңгеден асады. Ал орташа баға Павлодар, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе қалаларында 608 бен 630 теңге аралығында екен. Төмен баға Орал, Қарағанды, Тараз, Петропавлда байқалады.

Ал шенеуінтер қымбатшылықтың салдарын шемішке құнының шарықтағанымен түсіндіреді. Қазір оның келісі - 210 теңге.

"Ең басты себебі, сұйық май өндіруші кәсіпорындардың шикізаттың қымбаттауы себебінен бағасын өсіруінде. Егер осыдан бір жыл бұрын сұйық май өндірушінің бағасы 340 теңгеден болса, қазір 630 теңге. Яғни екі есеге дейін өсті", - дейді Қарағанды қаласы Ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Абзал Рахымбаев.

Тағы оқи отырыңыз: Бесікті бес литр күнбағыс майына айырбастайтын халге жетті бұл қазақ!..

Әкімдіктегілер бағаны сақтап қалу үшін өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатқандарын айтады. Ал Қазақстанға күнбағыс майы көбінесе Ресейден жеткізіледі екен.