Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бесікті бес литр күнбағыс майына айырбастайтын халге жетті бұл қазақ!..

Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: "Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!" деп жазған...

Жұрттар бесікті бес литр майға ауыстыра бастады. Жеткен жеріміз осы.

Опубликовано Ерқанатом Көпжасарұлы Пятница, 26 марта 2021 г.
Бесікті бес литр күнбағыс майына айырбастайтын халге жетті бұл қазақ!..
фото: дереккөз

Белгілі тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Facebook-тегі парақшасына бесігін бес литр күнбағыс майына айырбастауға қойған біреудің хабарландыруын жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Жұрт бесікті бес литр майға ауыстыра бастады. Жеткен жеріміз осы", - дейді әріптесіміз.

Бұл не сонда, аштық па? Тіпті, сол аштық жылдарының өзінде үрім-бұтағынан түгел айырылған қазақ талбесігін кие тұтып, арқасына өңгеріп алып босып еді ғой?! Ұлттық ұғымымызда тек қана бесіктің өзіне қатысты бір энциклопедия шығатын дерек-дәйек, ұлағатты сөз баршылық. Алайда бес литр сұйықмай алатын ақшасы жоқ адамға мораль жүрмейді. Сонда да атақты Төле биден "Баланың бесігі – кең дүниенің есігі" деген терең мағыналы сөз қалғанын айтайық. Оны жау шапқанда әлгіндей босқан елдің ішінде бесік арқалап бара жатқан келіншекке қарап тұрып айтқаны екен. Сондай-ақ ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: "Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!" деп жазған.

Иә, халі мүшкіл халық бүгін бесігін 4-4,5 мың теңге тұратын "Шедевр" майына айырбастаса, ертең одан қымбаттау ішер ас, киер киімге жаруы үшін тәнін саудаламасына кім кепіл? Тәнін сату – арын сату. Ал арын сатқан адам ел-жер деген таным-түсініктен ада болады. Бесігі мен арынан айырылған тірексіз отбасынан тексіз ұрпақ өрбиді. Қазақтың "Бесіксіз үйде береке жоқ" дейтіні сол. Бесікті бес литр майға айырбастамақ түгіл, қараусыз тастамаған. Әулеті өсіп-өнген, барлық сәбилері түлеп шыққан киелі мүлікті шаңыраққа іліп қойған. Ал қазір ше?

Ерқанат Көпжасарұлының жазбасына Бердәлі Хамбамбаев атты желі қолданушы: "Қоқысқа тастап жатқандары да баршылық" деген пікір қалдырыпты. Иә, ондай сорақылықты да көргенбіз. Сондай-ақ Майра Байболатова есімді әйел: "Бесігін сатқан ел оңбас" деген екен. Шебер еңбегінің өтеуі ретінде сатылғанның жөні бөлек, ал соны тамаққа айырбастауға мәжбүр еткен не деген елміз?! Назарбаевтар әулетінің қалтасындағы ақшамен 19 емес, 100 миллион халықты асырауға болады ғой! Өйткені оның ішінде мұнай, алтын, мыс, мырыш, темір, көмір, астық, т.б. жерасты-жерүсті байлығымыздың бәрі бар! Сөйте тұра, жанармай құю стансасынан 150 мың теңге тонап кетеміз, киелі мұрамызды күнбағыс майына айырбастаймыз...

Пандемиядан емес, мына биліктің тар пиғылы мен бұқараның жаппай сауатсыздыққа бой алдыруынан қорқу керек! Қазақтың Әуезов айтқан мешелдігі осы болып жүрмесін...