Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Іс-шарада маскасыз суретке түскен Өскемен әкімі айыппұл төледі

Сонымен қатар ол іс-шараға бетпердесіз қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да айыппұл төлегенін жазды.

Іс-шарада маскасыз суретке түскен Өскемен әкімі айыппұл төледі
фото: дереккөз

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсынбетов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскемендегі мәнерлеп сырғанау қалалық мектебінің фестивалі кезінде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың маскасыз түскен фотосуреті әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Көпшілік көргендеріне ашуланып, шенеунікті жазалауды талап еткен.

Тағы оқи отырыңыз: Маскасыз суретке түскен Өскемен әкімі сынның астында қалды

"Қала басшысының қоғамдық жерде маскасыз пайда болуымен болған оқиға қолданыстағы заңнама аясында аяқталды. Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама толтырылғаннан кейін қала әкімі айыппұл төледі" деп жазды Іnstagram-да Әлібек Тұрсынбетов.

Сонымен қатар ол іс-шараға бетпердесіз қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да айыппұл төлегенін жазды.

Айта кетейік, өңірде карантиндік шаралар әлі күшінде, қоғамдық орындарда маска кию талап етіледі.