Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Маскасыз суретке түскен Өскемен әкімі сынның астында қалды

Өңірде карантиндік шаралар әлі күшінде, қоғамдық орындарда маска кию талап етіледі. Суретке ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсініктеме берді.

Маскасыз суретке түскен Өскемен әкімі сынның астында қалды
фото: дереккөз

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың маскасыз түскен фотосуреті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, arnapress.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірде карантиндік шаралар әлі күшінде, қоғамдық орындарда маска кию талап етіледі. Суретке ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсініктеме берді.

Іс-шара Александров атындағы спорт сарайында 6 наурызда өткен. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың қонақтармен түскен суреті пайда болды. Әкім нысан алдында маскасыз суретке түсті. Көпшілігі көргендеріне ашуланып, шенеунікті жазалауды талап еткен.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрермендермен спорттық шараларды өткізуге сыйымдылық 20%-дан аспайтын мөлшерінде рұқсат етілетіндігін түсіндірді.

Өскемен қаласы әкімінің фотосуретіне қатысты қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізуде. Келіп түскен материалдар заңмен белгіленген мерзімде қаралатын болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тұрғындарға қолданыстағы шектеулерді сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.