Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Цой, шық!": түрлі-түсті киінген әйелдер министрлік алдында шу шығарды

Қызыл, сары, көк және жасыл түсті киінген әйелдер кәстрөлдерді шөміштермен ұрып, дауыс күшейткіш құралдарды қолданған. 

"Цой, шық!": түрлі-түсті киінген әйелдер министрлік алдында шу шығарды
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтанда таңертеңнен бастап Денсаулық сақтау министрлігінің алдына түрлі-түсті киім киген адамдар жиналды, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Біз вакцинацияға қарсымыз!", "Ертең атымыз болмайды, біз бәріміз QR-кодтармен таңбаланамыз", "Цой, шық!" деп айғайлады жиналғандар.

Тағы оқи отырыңыз: COVID-19: енді кез келген нысанға QR кодсыз кіре алмайсың

Қызыл, сары, көк және жасыл түсті киінген әйелдер кәстрөлдерді шөміштермен ұрып, дауыс күшейткіш құралдарды қолданған. Наразылық білдірушілер Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың келуін талап еткен. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ереуілшілермен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Тағы оқи отырыңыз: Вакцинация ақпанда дәрігерлерге, наурызда мұғалімдерге, сәуірде студенттерге салынады

"Қазір министр кеңесте. Басқа бірінші басшылар шығып, адамдармен сөйлеседі. Біз оларға "Ашық алаңға" барып, талаптарын талқылауды ұсынамыз", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыз: "Бытырлатып егеміз деп жатыр": талдықорғандықтар вакцинаға қарсы шықты