Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Бытырлатып егеміз деп жатыр": талдықорғандықтар вакцинаға қарсы шықты

Бірақ прокурор да, әкімдік өкілі де митингке рұқсат берілмегенін айтқаннан кейін жиналғандар көп ұзамай тарқай бастаған еді. Соған қарамастан полицейлер наразыларды жол бойынан ұстап әкетіп жатты. 

"Бытырлатып егеміз деп жатыр": талдықорғандықтар вакцинаға қарсы шықты
фото: stan.kz

"Тексерілмеген вакцинаға қарсымыз" деген талдықорғандық тұрғындар шетінен қамалып жатыр. 1 қаңтарда бір топ белсенді митингке шығып, 1,5 сағат бойы ашық наразылықтарын білдірді, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

Бірақ прокурор да, әкімдік өкілі де митингке рұқсат берілмегенін айтқаннан кейін жиналғандар көп ұзамай тарқай бастаған еді. Соған қарамастан, полицейлер наразыларды жол бойынан ұстап әкетіп жатты. 

Жиналған жұрт тексерілмеген вакцинаны халыққа бірден салу қорқынышты дейді.

"Бұны кәдімгідей 10 адамға тексеріп, бір жыл ма, сондай өткізу керек қой шара. Жоқ, бытырлатып егеміз деп жатыр. Әрқайсымыздың бала-шағамыз, әке-шешеміз бар. Сол үшін қорқамыз", - деді Талдықорған қаласының тұрғыны Асқар Бөлебаев.

"Оны ешкім салдырмайды. Сонда біздің - халықтың ақшасының бәрі желге ұшып жатыр, болды. Халықпен санасып жатқан билік жоқ бұл жерде. Сондықтан қазір Талдықорған белсенділері шығып тұр. Бүгін біз где-то 200 адам шығу керек болғанбыз. Бірақ мына жақта көріп тұрсыздар, құқық қорғау органдарының адамдары жан-жақта тұрып, халықты жібермей отыр", - деді "Айша бибі" аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жазира Қамол. 

Белсенділер 200 адам митингке шығатынын бір апта бұрын әкімдікке ескертіп, рұқсат сұрағандарын айтады. Ал Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары не себепті рұқсат берілмегенін түсіндірді.

"ҚР митингтерді өткізу тәртібінде нақты көрсетілген. Хабарламада қандай мәліметтердің көрсетілуі керек екені. Ол жерде жалпы ұйымдастыруышысы кім екені, қандай көз қаражатынан қаржыландырылатыны бар, тағы басқа мәліметтер бар. Бұл кісілер жіберген хабарламада кейбір мәліметтер болған жоқ. Сол себепті, заңға сәйкес бұл кісілерге рұқсат берген жоқ болатынбыз", - деді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова.

Телеарна мәліметінше, жиналғандар тура 1,5 сағаттан кейін өз еріктерімен қайтқан. Дегенмен қайтар жолда полицейлер наразы топты біртіндеп ұстап әкеткен.