Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Әйтеновке жем-шөптің "орысшасын білмей-ақ" пиар жасауға болады екен (ВИДЕО)

Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде біресе жарық өшіп, біресе орыс тілінен "сүріне" қалуы - барлық БАҚ-та "хит болудың" жалғыз амалы болса керек...

Әйтеновке жем-шөптің "орысшасын білмей-ақ" пиар жасауға болады екен (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде электр жарығы өшіп қалған еді. Енді әлеуметтік желілерге оның жем-шөптің "орысшасын білмей қалғаны" тарап жатыр, деп жазды paryz.kz.

Орыс тілін жетік білетін әкім тұрғынның сұрағына жауап беру барысында мүдірместен сөйлеп келе жатады да, кенет сөзінің ортасын шолтаң еткізіп бір-ақ үзеді. Сосын сол жағындағы көмекшілеріне бұрылып:

"Жем... Жемді не дейді?.. Орысша..." - деп "сасқалақтайды".

Былай қарасаң, тәуелсіз Қазақстанда қазақ шенеунігінің орысша сөйлей алмауы әбестік емес. Алайда, Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде біресе жарық өшіп, біресе орыс тілінен "сүріне" қалуы - барлық БАҚ-та "хит болудың" жалғыз амалы болса керек. "Қиярға да пиар керек" дегендей, жем-шөп арқылы да атын шығаруға болатынын дәлелдегісі келген сияқты. Өйткені желі қолданушылар:

"Ол кісі Ресейде оқыған а так", "Жетісайдың мектебінде оқып, Шымкенттегі Суворовский мектепте білім алған", "Офицер ғой, военный" дегендей пікірлер қалдыруда.