Әйтенов есеп беріп тұрғанда электр жарығы өшіп қалды (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, жақында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен есептік кездесуі барысында мінбердегі елтаңба құлап түскен еді. Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов аурухананы аралап жүрген сәтінде шкафтың есігі түсіп қалған болатын...

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің есептік кездесуі барысында жарық өшіп қалды, деп хабарлады paryz.kz, BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Келеңсіз жайт Мұрат Әйтеновтің видеоконференция арқылы өтіп жатқан есептік кездесуі кезінде болған. Белгілі болғандай, студияда жарық өшіп қалған кезде қала басшысы халықтың сұрағына жауап беріп отырған.

Еске сала кетсек, жақында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен есептік кездесуі барысында мінбердегі елтаңба құлап түскен еді. Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов аурухананы аралап жүрген сәтінде шкафтың есігі түсіп қалған болатын.