Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Назарбаевтың суреті бедерленген 1000 теңгелік монеталар айналымға түседі

Ұлттық банк коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін еске салды.

Назарбаевтың суреті бедерленген 1000 теңгелік монеталар айналымға түседі
фото: дереккөз

Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік "Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлады paryz.kz, банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Номиналы 1000 теңгелік монеталар құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған. "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталары – "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан.

Таралымы – 1000 дана, жалпы массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм. Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" сапасымен дайындалған.

"Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады", - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: Семейдегі "Абай Арена" мен аты жоқ көше Назарбаевтың құрметіне өзгертіледі

Ұлттық банк коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін еске салды.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.