Семейдегі "Абай Арена" мен аты жоқ көше Назарбаевтың құрметіне өзгертіледі

Ұсынысты депутаттар бірауыздан мақұлдады. Соңғы шешім қалалық мәслихаттың келесі сессиясында қабылданады.

Семейдегі "Абай Арена" мен аты жоқ көше Назарбаевтың құрметіне өзгертіледі
фото: mail.kz

Семейде даңғылды Назарбаевтың құрметіне атап қана қоймай, "Абай Арена" мәдени-спорт кешенінің де атын өзгертпекші, деп хабарлады paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласында спортшылар мен еңбек сіңірген қайраткерлер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер қозғалысының белсенділері, жастар, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары жергілікті мәслихатқа Қарағайлы ықшам ауданындағы аты жоқ даңғылға елбасының атын беруді сұрады. Сонымен қатар, "Абай Арена" спорт кешенін "Елбасы Арена" деп өзгерту ұсынылды.

Ұсынысты депутаттар бірауыздан мақұлдады. Соңғы шешім қалалық мәслихаттың келесі сессиясында қабылданады.

"Бастама ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлін еске алу және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мәслихаттың қабылдауы болды", - делінген хабарламада.

Жиынға "жеке және Zoom форматында" 10 мыңнан астам адам қатысқан.