01.04.2021, 00:02

Артық салмақтан арылу үшін кофені қалай ішкен дұрыс?

Фото: ашық дереккөз

Зерттеуге 15 ер адам қатысты.

Гранада университетінің физиология кафедрасының ғалымдары жаттығудан жарты сағат бұрын кофе ішу майдың тез кетуіне ықпал ететіндігін анықтады, деп жазады Paryz.kz Ferra.ru сайтына сілтеме жасап. 

Жаңа зерттеудің мақсаты - жаттығу кезінде ағзадағы артық салмақтан арылуға болатын-болмайтынын анықтау. Кофеинді арықтау барысында қосымша көмекші құрал ретінде қарастырғанымызбен, оның пайдасы туралы ғылыми дәлелдер аз.

Зерттеуге 15 ер адам қатысты. Олар жаттығулар жасап, 8: 00 мен 17: 00 аралығында кофеин немесе плацебо қабылдады.

Зерттеулер көрсеткендей, аэробты жаттығудан 30 минут бұрын кофеин ішу майдың "жануын" арттыра алады. Сонымен қатар, түстен кейінгі жаттығулармен нәтиже жоғары болды.