16.03.2021, 09:48

COVID-19: "Қызыл" аймақтағы екі мегаполиске тұтас бір облыс қосылды

фото: ашық дереккөз

Ал "сары" аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары тұр...

2021 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Сонымен, қазір "қызыл" аймақта Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Ал "сары" аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары және "жасыл" аймақта басқа барлық аймақтар тұр.