Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Вакцина қабылдаған шетел шенеуніктерінен қазақ Үкіметінің несі артық?..

Бұқара өздерінің "ел ағаларынан" бұрын вакцинацияланып, "тәжірибе жасайтын тышқанға" айналып шыға келгендеріне наразы.

Премьер-министр Израиля, шейх ОАЭ, президенты Америки, Турции, Сербии, Хорватии, Румынии, Индонезии, Словакии, Греции,...

Опубликовано Шыңғысом Бауыржанұлы Понедельник, 1 февраля 2021 г.
Вакцина қабылдаған шетел шенеуніктерінен қазақ Үкіметінің несі артық?..
фото: коллаж

Желі белсендісі Шыңғыс Бауыржанұлы Facebook-тегі парақшасында көптеген мемлекеттердің президенттері мен Үкімет басшылары коронавирусқа қарсы вакцинаны алдымен өздері қабылдап жатқанда, Ресей мен Қазақстанның "сынақты" халықтан бастағанына қынжылыс білдірді, деп жазды paryz.kz.

"Израил премьер-министрі, БАӘ шейхы, Америка, Түркия, Сербия, Хорватия, Румыния, Индонезия, Словакия, Греция, Гвинея, т.б. елдердің президенттері бірінші болып вакцинацияланды, алдымен вакцинаның әсерін жеке-жеке бастан өткерді, содан кейін ғана халықты жаппай вакцинациялауға жіберді.

Бір қызығы, "Спутник V" ресейлік вакцинасымен Ресей Федерациясының президенті де, премьер-министрі де, Денсаулық сақтау министрі де вакцинацияланбаған. Олар бұл вакцинаның бос әурешілік екенін немесе ұзақ мерзімді перспективада қауіпті екенін жақсы түсінетін де, білетін де болып тұр, шамасы", - дейді автор.

Сондай-ақ ол біздің билік басындағылардың да екпе алмағанын алға тартты. Белсендінің айтуынша, бұл ретте нағыз ұлт көшбасшыларының соққыны бірінші болып өздеріне қабылдайтынын аңғаруға болады. Ал кеше Қазақстанда жаппай вакцинациялаудың алғашқы реті басталғанда, тек Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары ғана "тәуекелге" барған. Олардан бұрын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа "қақпағы ашылмаған иненің қолданылғаны" ел арасында біраз талқыланған еді. Содан кейін билік аталған екі вице-министрге вакцинаның қалай салынып жатқанын видеоайғақпен дәлелдеуге тырысты. Алайда олардың үстінен қарайтын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой:

"Алдымен осы вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін қорытындыны күтіп отырмыз. Одан кейін қабылдай беруге дайынбыз", - деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Жандары тәтті-ақ. Ал ол мәлімдемені естіген һәм оқыған бұқара өздерінің "ел ағаларынан" бұрын вакцинацияланып, "тәжірибе жасайтын тышқанға" айналып шыға келгендеріне наразы.