13.09.2021, 14:52

Коронавируспен ауырған Тоқтар Әубәкіров жазылып шықты

фото: ашық дереккөз

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова ғарышкерге қажетті медициналық көмек көрсетілмегенін хабарлаған болатын. 

2021 жылдың тамызында коронавируспен ауруханаға түскен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ауруханадан шығарылды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

75 жастағы Тоқтар Әубәкіров өткен аптада ауруханадан шықты. Ол қалалық Жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдады. Тоқтар Әубәкіровке орташа ауырлықтағы Covid-19 және екі жақты полисегменттік пневмония КT-1 диагнозы қойылды.

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова ғарышкерге қажетті медициналық көмек көрсетілмегенін хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров Президенттің мүлікті басқару бөлімінің емханасына бекітілгенін атап өтті. Кейінірек аурухана оның бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқанын айтты.