Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Қазақты бомж қылған - нәндер мен перуашовтар»: журналист депутатқа шүйлікті

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзінің әлеуметті желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Азат Перуашовқа шүйлікті, деп жазды Paryz.kz тілшісі.

«Қазақты бомж қылған - нәндер мен перуашовтар»: журналист депутатқа шүйлікті
коллаж: paryz.kz

Оның айтуынша, басында баспанасы жоқ қазақстандықтардың барлығы бомж.

"Перуашев деген ақжолдық депутат: "Кредиті бар халық - бомж" депті. Одан да "Қазақстан - бомж" дей салмай ма?! Басында баспанасы жоқтар бәріміз бомжбыз. Қазақты бомж қылған - нәндер мен перуашевтар, 30 жыл басқарған ап, үкімет, парламент, сенат.

Халқыңды бомж қылып, өзің алтын табақтан ас ішіп жүргеніңе мәз болмай-ақ қой! Бір тамшы судың да сұрауы бар. Байлықтың үстінде отырған өз қазағыңның несібесін ұрлап жегендерің үшін бұл дүниеде болмаса, о дүниеде жауап бересіңдер", - деп жазды қоғам белсендісі.

Тағы оқи отырыңыз: «Бүгінгі өлім отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында!» - Заңгер

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Азат Перуашов банктер адамдарды далаға шығарып жіберіп, оларды «бомждарға» айналдырды, XXI ғасырда өркениетті елде өмір сүріп жатқан кезеңде азаматтарды бомждарға айналдыруға жол бермеу керек. Отбасы, баласы мен жұмысы барларды «бомждарға» айналдыру дұрыс емес деген болатын.