Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Бүгінгі өлім отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында!» - Заңгер

Заңгер, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында Маңғыстаутау облысындағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz тілшісі.

«Бүгінгі өлім отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында!» - Заңгер
Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, Маңғыстау облысында үш баласын асып өлтіріп, соңында өзіне қол салған әкенің оқиғасы қоғамда қызу талқыға түсті. 

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, бұл жантүршігерлік қайғылы оқиға ешкімді ақтауға келмейді.

“Бұндай қиыншылықты көргенше, ұрпағыммен кете салғаным дұрыс“, - деп шешім қабылдаған шығар. Кім біледі?! Енді оның бәрі бір Аллаға ғана мәлім. Жалпы адамды қаралағанға ұстамыз ғой. Бірақ мына оқиға ешкімді ақтауға да келмейді. 

“Екеуініңде тұрақты жұмыс болған”, деп кімдерді ақтап алғыларың келіп жатыр? Тұрақты жұмысы болған 40-қа жақындаған еркекте неге баспана жоқ? Үш баласымен неге пәтерде өмір сүрген? Отбасылық кикілжің не үшін болған? Әйел не үшін ажырасқысы келген?" - дейді заңгер.

Оның пікірінше, бұның бәрін зерттеп, зерделеп жатқан біздің идеологиялық отбасылық институт жоқ.

"Мұнайдың үстінде отырып, азғантай ғана халқымызды баспанамен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Банктердің жағдайын жасап, оларға жыл сайын миллиардтап қайтарымсыз ақша салғанша, сол миллиардтарды халықтың есеп шотына салғанда, халық бұлай баспанасыз жүрмес еді. Әрине, тұрақты баспанасы жоқ отбасыда кикілжің, ұрыс-керіс болады. Қу қымбатшылық бәрінің жанына батып барады. Тұрақты жұмыстың бар болғанын қайтеміз, алып отырған айлығы, тамақ пен пәтер ақыға жетпей жатса?

Бүгінгі өлім, отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында! Қан жібермейді! Әсіресе жас қан! Үкімет ОЯН!", - деп жазды ол.