Сауд Арабиясы ауқымды шабуыл жасалуы мүмкін. Бұдан бұрын жасалған дрон шабуылдарын өз мойнына алған Йемендегі Хусит күштеріні алдағы уақытта Сауд Арабиясына ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, SN.KZ-ке сілтеме жасап.
Хусит күштерінің ресми мәлімдемешісі Мухаммед Абдусаллем өзінің Твиттердегі ресми мәлімдемесінде: «Бұл Сауд Арабиясының шапқыншылығы мен басып алу әрекеттеріне қарсы йемендіктердің өзін қорғау әрекеті», – деген.
Ол сөзінде Эр-Риадқа бағытталған күрестің жалғаса беретінін айтқан. Абдусаллем мәлімдемесінде алдағы шабуылдардың ұшқышсыз ұшу құрылғылары мен зымырандар арқылы жасалатынын, әрі шабуылдың ауқымы мен қуаты бұрын болып көрмеген деңгейде болатынын ескерткен.