Ресейде де қару-жарақ қоймасы өртеніп, снарядтар жарылып жатыр

"Әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру бөлімі жалынмен арпалысып бақты, алайда, оны тоқтату мүмкін емес еді...", - деп хабарлады Батыс әскери округінің баспасөз қызметі.

Ресейде де қару-жарақ қоймасы өртеніп, снарядтар жарылып жатыр
фото: t.me/pdmnews

Ресейдің Рязань қаласы маңындағы әскери бөлімнің аумағында снарядтар қоймасы өртенді, деп хабарлады paryz.kz, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Батыс әскери округі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Желтухино елді мекені маңындағы қоймада жана бастаған шөптен тарапты.

"Қатты жел соғып, өрт артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау алаңына жайылды. Әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру бөлімі жалынмен арпалысып бақты, алайда, оны тоқтату мүмкін емес еді. Қазіргі уақытта әскери бөлімнің техникалық аумағында оқ-дәрілердің жарылып жатқанын байқауға болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт кезінде ешкім зардап шекпеген. Әскери қызметкерлер мен жеке құрам эвакуацияланған. Қазір өртті сөндіруге ТЖМ өкілдері кірісуде.

"Жарылыстарға байланысты, Кузьминка-2 елді мекенінің тұрғындары эвакуацияланды. Ондағы 35 үйде 24 адам тұрады", - деп мәлімдеді ауыл басшысы. "Шаншар" театры кейіптеген әпенді ақынның үлкен Ас кезінде 60 мың үй тігіліп, 40 мың адам жүрді дегені сияқты ма, қалай?.. Дегенмен, біздің Арысқа қарағанда тұрғындар санының аздығы да шүкірлеу екен. Әйтпесе, куәгерлер снарядтардың әр 10 секунд сайын жарылып жатқанын айтқан.