Алты тұтқын жерді қасықпен қазып, түрмеден қашып кеткен (ВИДЕО)

Ал ХАМАС ұйымының өкілдері тұтқындардың қашуын "үлкен жеңіс" деп атаған. 

Алты тұтқын жерді қасықпен қазып, түрмеден қашып кеткен (ВИДЕО)
фото: Reuters

Израиль билігі Гольбоа жотасындағы түрмеден қашқан алты тұтқынды іздестіріп жатыр. Олар бірнеше ай бойы өздері отырған камерадан қасықпен жер асты жолын қазған деп хабарлайды Paryz.kz, Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, қашқындардың арасында "Әль-Акса бригадасының" көшбасшысы Захария Збейди де бар. Ол бірнеше Израиль азаматын өлтірді деп айыпталған.

Қалған бесеуі – "Ислам жиһады" қозғалысының мүшелері. Олардың барлығы өмір бойы бас бостандығынан айырылған.

"Шин Бет" қауіпсіздік қызметі "қашқындар түрмеге заңсыз кіргізілген ұялы телефон арқылы сырттағы адамдармен байланыста болды" деп есептейді.

Олардың болжамынша, тунель сыртында қашқындарды көлік күтіп тұрған. Қазіргі уақытта Израильде тұтқындарды іздеу операциясы жүріп жатыр. Билік олар Иорданияға өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Себебі, қазылған тунельден Иордания 14 шақырым қашықта орналасқан екен. 

Ал ХАМАС ұйымының өкілдері тұтқындардың қашуын "үлкен жеңіс" деп атаған.