Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қытай Ауғанстанды қайта құруға экономикалық қолдау көрсетеді

«Талибан» тарапы аймақтағы стратегиялық басымдыққа ие Ресеймен де тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Қытай Ауғанстанды қайта құруға экономикалық қолдау көрсетеді
фото: дереккөз

Қытай Ауғанстанды қайта құруға көмектеспек. Бұл туралы «Талибанның» ресми мәлімдемешісі Забихулла Мужахид мәлімдеді. Оның айтуынша Қытай Ауғанстанға зор көлемде экономикалық қолдау көрсетеді. Тәліптердің ресми өкілі бұл мәлімдемесін Италияның La Repubblica басылымына берген сұхбатында ортаға салған деп хабарлайды Paryz.kz, The Qazaq Times сайтына сілтеме жасап

Сұхбатта Мужахид «Талибан» мен Бейжің арасындағы келіссөздердің нәтижесінде Қытай Ауғанстанға инвестиция салуға, елдің қайта құрылуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.

Мужахидтің айтуынша, Қытай қазір Ауғанстанның сенімді көршілік қатынастағы серіктес елі саналады, Ауғанстан өз кезегінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына қолдау көрсетуге дайын. Тәліп өкілі Қытайдың бұл жобасы Ауғанстанды қайта құруда үлкен мүмкіндік деп бағалаған. Ол бұған қоса Қытай қазірдің өзінде ауған жеріндегі кендерді ашып жатқанын айтқан.

«Талибан» тарапы аймақтағы стратегиялық басымдыққа ие Ресеймен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мәскеумен арадағы келісімдер бойынша Ауғанстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға Ресей тарапынан да қолдау болатынын жеткізген.

Италиян басылымына берген сұхбатында Забибулла Мужахид өзге де елдердің тәліптерді Ауғанстандағы ресми билік қатарында ертерек тануын үміт ететінін айтқан.