Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алғашқы қоңырауда жартылай жалаңаш билеген ұстаз жұртты састырды (ВИДЕО)

Мұғалім мектепте осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты.

Алғашқы қоңырауда жартылай жалаңаш билеген ұстаз жұртты састырды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ресейдің Хабаровск қаласындағы № 76 мектептің мұғалімі 1 қыркүйек күні балалар алдында шығыс биін орындаған деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлік Білім басқармасы мекеме директоры мен оның қызметкерлеріне қатысты тексеруді бастады. 

Ведомство кешірім сұрап, бұл жағдай мұғалімнің жеке бастамасы екенін айтты. 

Бүкіл мектептің тәрбие жұмысы күмән тудырды. Білім басқармасы мұндай бастамаларды қолайсыз деп санайды, - деп атап өтті Білім басқармасы.

Жанжал шыққаннан кейін мұғалім бұл қылығы үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, негізінде кастюм толығымен жабық болған. Күн сәулесінің әсерінен денесі жалаңаш болып көрінген. 

Әйел қойылым арқылы адамдар ешқашан қанатын жоғалтпауын көрсеткісі келген. 

Шығармашылық нөмірімде бақыт құсын бейнеледім. Ешкімді ренжітіп, сезімдеріне тиетін ойым болмады, - дейді Юлия Марченко.

Мұғалім мектепте осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты. Ол биімен қалалық іс-шараларда өнер көрсеткенін мәлімдеді. 

Барлық балалардан, ата-аналардан, ата-әжелерден, өнерім жағымсыз эмоциялар мен түсініспеушіліктер тудырған барлық адамнан шын жүректен кешірім сұраймын, - дейді биші.